NoFake

Жеке деректер қашан сұралады

Man using external storage used

Фото: freepik.com

Мaqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің профессоры Дана Өтеген азаматтарға жеке деректердің қашан сұралатынын түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Маман «Бизнестің кибер-иммунитеті: тұрақтылық және сезімталдық стратегиялары» атты конференцияда азаматтардың жеке деректері қашан сұралатынына тоқталды.

«Азаматтардың жеке деректерін сұраған сәтте, олар сұралатын жеке деректердің көлеміне өз рұқсатын беруі мүмкін. Бізде көп жағдайда жеке деректерді шамадан тыс мөлшерде сұрау жағдайлары тіркеліп жатады. Оларға мысалы ұлтыңыз туралы немесе немен айналысатыныңыз туралы, сол сияқты саяси, діни сияқты сезімтал деректер де сұралуы мүмкін. Бұл деректердің барлығын жұмыс берушіге беріп қажет емес. Сондықтан деректердің сұралу мақсатына мән беру керек. Оны жұмыс беруші өзі айтуы тиіс. Мәселен: «Маған осы мақсатта жеке деректер қажет» деген сияқты. Мысалы, отбасыңыздың мүшелері туралы жеке деректер, медициналық сипатта, мақсатта сұралуы мүмкін. Яғни, қандай да бір медициниалық сипаттағы жағдай орын алса, жұмыс беруші сіздің жақындарыңызға хабарласуы тиіс. Бірақ олардың қайда жұмыс істейтіні, немен айналысатыны, қандай бизнеспен айналысатыны туралы ақпарат сұралмауы керек. Олардың барлығы қажет емес деректер, оларды тек Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандары ғана сұрай алады», — деп түсіндірді маман.

Айта кетейік, бүгін елордада өткен киберқауіпсіздік тақырыбындағы конферецияда заңгер Дана Өтеген цифрлық комиссардың кім екенін, сондай-ақ жеке деректер тараған кезде қайда хабарласу қажеттігін түсіндірген еді.

Оқу үшін