NoFake

Цифрлық комиссар деген кім және ол немен айналысады: заңгер жауабы

Снимок экрана 2026 02 05 в 12.55.53

Фото: freepik.com

Мaqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің профессоры Дана Өтеген әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген «DPO» ұғымын түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұл туралы ол Астанада өткен «Бизнестің кибер-иммунитеті: тұрақтылық және сезімталдық стратегиялары» атты конференцияда мәлімдеді.

«Әлемдік тәжірибеде DPO — data protection officer деген институт бар. Оларды жеке деректерді қорғау комиссары деп атайды. Қазақстанда әзірге ондай институт жоқ, десе де бізде жақында цифрлық комиссар лауазымы іске қосылды. Қазіргі таңда еліміздің цифрлық комиссары — ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Екатерина Смышляева. Оның қызметі — азаматтар өздерінің цифрлық құқықтарын қорғауын білу үшін, олардың өтінімдерімен жұмыс істеу. Одан бөлек әр мекемеде жеке деректерді қорғайтын, сақтайтын және коплеансы, яғни заңға сәйкестілігін реттейтін уәкілетті қызметкер болуы керек. Оның міндеті — жиналатын деректер көлеміне жауапты болу және жеке деректер таралған уақытта оны уәкілетті органға дер кезінде хабарлау», — деді заңгер.

Айта кетейік, заңгер аталған жиында, сондай-ақ жеке деректер таралған уақытта қайда хабарласу қажеттігін түсіндірген еді.

Оқу үшін