NoFake

Egov қосымшасында оқушылар туралы жалған дерек жазылғаны рас па

Образование (2)

Фото: nofake.kz/

Әлеуметтік желіде оқушылардың «Egov mobile» мобильді қосымшасындағы «Bilim» бөлімінде жалған үйірмелерге жазылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды nofake.kz/.

Желіде оқушылардың «Egov mobile» мобильді қосымшасындағы «Bilim» бөлімінде түрлі үйермелерге жазылғаны туралы ақпарат тарады.

Снимок экрана 2026 02 04 в 16.46.59
Скриншот: Threads

Аталған жайтқа қатысты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ресми мәлімдеме жасады.

«eGov mobile мобильді қосымшасында «Bilim» білім туралы мәліметтерді алу қызметі қолжетімді, оның иесі және әкімшісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады. «Bilim» қызметінде көрсетілетін барлық деректер мен мәліметтер тек Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйелерінен қалыптастырылып, жүктеледі. eGov mobile қосымшасы мемлекеттік цифрлық қызметтердің витринасы ретінде қызмет атқарып, уәкілетті мемлекеттік органдармен ұсынылатын бастапқы деректерді жинау, өзгерту немесе сақтау функцияларын орындамайды», — деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Осы оқиғаға қатысты Астана қаласының білім басқармасы да түсініктеме берді.

«Аталған жүйе мектептерде білім алушылардың қандай үйірмелер мен секцияларға қатысатыны туралы мәліметтерді көрсетеді. Кейбір жағдайларда мектеп әкімшіліктерінің Ұлттық білім беру деректер базасындағы (ҰБДБ) ақпаратты уақтылы жаңартпауы салдарынан жүйеде білім алушылардың бұрын қатысқан үйірмелері мен секциялары туралы деректер сақталып қалып, сәйкессіздіктердің туындауына әкелгені анықталды. Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдарына тиісті хабарламалар жолданып, Ұлттық білім беру деректер базасындағы мәліметтерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде», — делінген хабарламада.

nofake.kz/ осы жайтқа қатысты ҚР Оқу-ағарту министрілігіне де ақпараттық сұраным жолдады. Әзірге ведомство оқиға жайында ресми мәлімет ұсынбады.

Оқу үшін