NoFake

Салық қарызы: Есепшот қай кезде бұғатталады

блок

Фото: Depositphotos

Кірістер комитеті салық берешегі үшін шоттарды бұғаттаудың жаңа тәртібін түсіндірді. 2026 жылдан бастап қарыз көлемі 20 АЕК-тен асса, шектеу шаралары қолданылады, деп хабарлайды nofake.kz/.

Қарыз мөлшері және қолданылатын шаралар

Биылғы қаңтар айынан бастап салықтық берешекке қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Егер қарыз сомасы белгіленген шектен асса, мемлекеттік органдар келесі қадамдарға барады:

20 АЕК-тен асса: Алдымен ресми хабарлама жіберіледі. Содан кейін банктік шоттар мен касса бойынша операцияларға шектеу қойылуы мүмкін.

45 АЕК-ке дейін: Негізінен тек шоттарды бұғаттау шараларымен шектеледі.

45 АЕК-тен жоғары: Салық органдары қарызды өндірудің қатаң әдістеріне көшеді. Бұған дебиторлардан (сізге қарыз адамдардан) ақша алу, мүлікті тізімдеу және сату жатады. Тіпті, сот арқылы банкрот деп тану процесі басталуы мүмкін.

Жаңа ережелер тек компанияларға емес, олардың басшыларына да қатысты. Егер кәсіпорынның немесе ұйымның салықтық берешегі 27 мың АЕК-тен жоғары болса, бірінші басшыларға шетелге шығуға тыйым салынады.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық хабарламаларды жеткізу тәртібі туралы жазған болатынбыз.

Оқу үшін