NoFake

Жаңа Конституцияға қатысты жалған ақпарат таратқаны азамат жазаланды

Closeup of gavel judgement concept

Фото: freepik.com

Алматы қаласының соты шетелдіктерге жер сатуға тыйым салуды алып тастау туралы жалған ақпарат таратқаны үшін азаматқа 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында шетелдіктерге жер сатуға тыйым салудың жойылғаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тараған.

Бұл мәліметтер шындыққа сай емес және фактілерді бұрмалайды, өйткені жер және табиғи ресурстарға қатысты нормалар өзгермеген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясына толық сәйкес келеді.

Алматы қаласы полиция департаменті мұндай ақпарат таратудың заңдық бағаланғанын хабарлады.

«Алматы қаласы аудандық әкімшілік сотының шешімімен азамат А. жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін nofake.kz/ ел атауына, халықаралық шарттар мен елдегі саяси құрылымға қатысты қандай жалған ақпараттар тарағанын жазған болатын.

Оқу үшін