NoFake

ІІМ жүргізушілерге арналған жалған онлайн курстар туралы ескертті

Автошкола

Фото: freepik.com

Оқу тек міндетті практикалық сабақтары бар лицензияланған автомектептерде ғана жүргізіледі, деп хабарлайды nofake.kz/.

Интернет пен әлеуметтік желілерде жүргізушілерді даярлауға арналған жедел онлайн курстардан өту туралы ұсыныстар таралып жатыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде мұндай қызметтердің заңнама талаптарына сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, жүргізушілерді даярлау тек лицензияланған автомектептерде, практикалық сабақтарды қоса алғанда, толық оқу курсынан міндетті түрде өту арқылы ғана жүзеге асырылады.

«Көлік құралын басқару дағдыларын онлайн форматта алу және бекіту мүмкін емес. Сонымен қатар, автомектепте оқуды аяқтағанын растау үшін азаматтардан қағаз түріндегі куәлік алу талап етілмейді. Курстарды аяқтау туралы ақпарат ақпараттық жүйелер арқылы электронды форматта халыққа қызмет көрсету орталықтарына автоматты түрде жолданады», — делінген ІІМ мәлімдемесінде.

Ведомство өкілдері болашақ жүргізушілерді оқуға жауапкершілікпен қарауға шақырды, өйткені алынған білім мен дағдылардың сапасы жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Оқу үшін