Алматыдағы жекеменшік мектепте буллинг болды деген ақпарат расталмады

Фото: Gov.kz
Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға қатысты буллинг болды деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды nofake.kz/.
Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінің кәмелетке толмаған оқушысына қатысты буллинг орын алды деген ақпарат бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған болатын.Тергеу барысында аталған мәліметтер өз растауын таппады, буллинг фактілері анықталған жоқ»,- деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қабылданған шешім прокуратурамен келісілген.
Еске салсақ, 26 қаңтар әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға қарсы буллинг болғаны және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сол дерек негізінде полиция қылмыстық іс бастағаны туралы хабарлаған.


