NoFake

Әділет министрі СҚО-ға ерекше мәртебе беруді ұсынбады

Фото: Gov.kz

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беру туралы ұсынысты Әділет министрі айтты деген мазмұнда ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды nofake.kz/.

Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

Скрин: gov.kz

«Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат таралуда. ҚР Әділет министрлігі аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді. Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеміз»,-делінген Әділет министрлігінің ресми хабарламасында.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Оқу үшін