NoFake

Инфляция енді түбіртекпен есептеледі: 2026 жылдан бастап не өзгереді

Shutterstock 2167460829

Фото: Stat.gov.kz

2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда инфляцияны есептеу әдісі жаңарды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Енді тек дүкендер мен интернеттегі бағаларды бақылау жеткіліксіз: статистикаға бақылау-касса машиналары арқылы тіркелген фискалдық түбіртек деректері де қосылады. Бұл тәсіл халықтың нақты бағалары мен сатып алуларын дәлірек көрсетуге мүмкіндік береді.

Фискалдық түбіртек деректерін пайдалану үшін кешенді әдістеме әзірленді. Ол ақпаратты тазалау, тауарларды автоматты жіктеу, деректерді топтау және индексті есептеудің заманауи тәсілдерін қамтиды. Әдістеме халықаралық сарапшылар тарапынан – Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк – оң бағасын алған.

«Соңғы үш жылда түбіртектердегі тауар атауларын даярлау және жіктеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Миллиондаған тауар атаулары тазаланып, жіктелді. Бүгінде талдауда 60 миллионнан астам түбіртек деректері қолданылады. Бұл бағаларды бақылаудың ауқымын кеңейтеді және есептеулердің дәлдігін арттырады. Мұндай тәжірибені әлемде тек бірнеше ел ғана қолданады, ал Қазақстан үшін бұл маңызды қадам», – деді Бюро басшысы Максат Тұрлыбаев.

Халықаралық тәжірибеде, мысалы Бельгия, Швеция, Швейцария, фискалдық түбіртектер бағаларды есептеуге кеңінен қолданылады. Қазақстанда бұл тәсіл деректерді жылдам алу, бағаның өзгерісін дәлірек бақылау және статистиканың аналитикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қаңтар айының инфляция деректері 2 ақпанда Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланады.

Оқу үшін