NoFake

Түркістандық экс-полицейлер қыз зорлау күдігімен қызметтен кетті

Фото: Egov.kz

Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерін жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп айыптады. ІІМ аталған жағдайға қатысты ресми мәлімдеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы бары туралы ақпарат толық көлемде тексеріледі және сотқа дейінгі тергеу аясында түбегейлі құқықтық баға берілетін болады»,-деді ІІМ баспасөз өкілі.

Сонымен қатар қызметтік тексеру нәтижесімен аталған полицейлер қызметке кір келтіргені үшін теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылған.

«Болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр»,-деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айта кетейік, тергеу барысы ішкі істер министрінің қатаң бақылауында.

.

Оқу үшін