Журналистерге арналған 15 пайдалы ЖИ-промт

Фото: Jiti.kz
Жасанды интеллект журналистің орнын алмастырмайды, бірақ оның уақытын үнемдеуге, ойды жүйелеуге, деректерді реттеуге және мәтінді сапалы етуге көмектеседі. Jiti порталы ұсынған промттар жаңалық, сараптама, сұхбат, әлеуметтік желі және фактчекинг салаларында күнделікті жұмысты жеңілдетуге арналған.
Жаңалық жазуға арналған промттар:
1. Берілген деректер негізінде қысқа әрі нақты жаңалық мәтінін жаз. Алғашқы абзацта кім, не істеді, қашан және не үшін маңызды екенін көрсет.
2. Осы ақпаратты ресми стильде емес, оқырманға түсінікті, жеңіл жаңалық тілімен қайта жаз.
3. Берілген тақырып бойынша екі нұсқада жаңалық жаз: бірі – бейтарап ақпараттық, екіншісі – түсіндірмелі форматта.
4. Осы оқиғаға қатысты тақырыптың 5 баламалы нұсқасын ұсын. Барлығы қысқа әрі нақты болсын. 5. Берілген мәтінді өңдеп, артық сөйлемдерді қысқарт. Мағынасы сақталсын. Сараптама және түсіндірме материалдарға арналған промттар
6. Осы жаңалықтың мәнін қарапайым тілмен түсіндір. Күрделі терминдер қолданба.
7. Берілген тақырып бойынша “неге маңызды?” деген сұраққа жауап беретін қысқа аналитикалық абзац жаз.
8. Осы оқиғаның алғышарттары мен ықтимал салдарын бөлек-бөлек түсіндіріп бер.
9. Берілген деректерді пайдаланып, салыстырмалы шолу жаса. Бұрынғы жағдаймен айырмашылығын көрсет. Сұхбат пен пікір алуға арналған промттар
10. Осы тақырып бойынша сарапшыға қоюға болатын 7 нақты сұрақ дайында.
11. Берілген адамның сөзін қысқартып, негізгі ойларын сақтай отырып жаңалық форматына келтір.
12. Ұзақ сұхбат мәтінінен 5 басты дәйексөзді іріктеп бер. Фактчекинг және дәлдікке арналған промттар
13. Берілген мәлімдемедегі тексеруді қажет ететін тұстарды тізіп шық.
14. Осы ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін қандай дереккөздерге сүйенуге болатынын көрсет. Әлеуметтік желіге бейімдеуге арналған промттар.
15. Осы материалды Telegram және Threads үшін қысқа форматта қайта жаз. Мағынасы сақталсын, эмоциясыз болсын. Қысқа кеңес Бұл промттарды дайын жауап алу үшін емес, ойды жүйелеу, бағыт алу және мәтінді жақсарту құралы ретінде қолданған дұрыс. Нәтижені әрдайым журналист өзі тексеріп, редакциялауы керек.


