NoFake

Мамандандырылған ХҚКО жұмысында ақаулар тіркелгені рас па

1602353443 specializirovannyj con 2 astana 1

Фото: con-rk.kz

Қазақстанның барлық арнайы ХҚКО-ларында жұмыс барысында ақаулар тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ақауларын тіркелгенін растады.

«Ел аумағындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге кедергі келтіріп отырған уақытша техникалық ақаулар байқалуда. Қазіргі таңда мамандар жүйенің штаттық режимдегі жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорация өкілдері азаматтарға қолайсыздықтар уақытша екенін, қызмет көрсету толыққанды қайта жанданған уақытта қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР уақыты бойынша сағат 11:30-да штаттық жұмыс режимі қалпына келтірілгенін хабарлады.

Оқу үшін