ЖСДП партиясы атынан тараған жалған сайт анықталды

Скриншот
ЖСДП партиясы атынан тараған жалған сайттың интернет кеңістігінде анықталғаны белгілі болды. Аталған ресурс ресми ақпарат көзі болып табылмайды және азаматтарды адастыруы мүмкін, деп хабарлайды nofake.kz/.
«Бұл сайттың Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) ешқандай қатысы жоқ. Аталған сайтта букмекерлік кеңселер мен құмар ойын компанияларының жарнамасы орналастырылған. Сондықтан ондағы материалдарға сенуге болмайды, бұл сайттағы ақпарат ресми емес. ЖСДП-ның жалғыз ресми сайты — https://osdp.kz/ru, сондай-ақ партияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары бар»,- делінген хабарламада.
ЖСДП азаматтарды жалған сайтқа кірмеуге, ондағы ақпаратты таратпауға шақырып, өз беделін қорғау және жалған ақпараттың таралуын тоқтату үшін барлық қажетті құқықтық шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.


