100 мобильді аударым — Қаржы министрлігі қалай тексереді

Фото: Depositphotos
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов цифрлық жобаларды таныстыру барысында мобильді аударымдарды тексеру тетігін түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/ .
Айына 100 мобильді аударым лимиті тым аз деп санайтын адамдардың шағымдарына Вице-министр бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.
«Егер адам үш ай бойы 100 түрлі адамнан аударым алса, бұл күмәнді. Ол әр ай сайын тойға немесе туған күнге әртүрлі адамдардан ақша жинай алмайды ғой? Ал егер әріптестерінен жинаса, біз мұның бәрін көріп отырамыз. Белгілі бір қажеттілікке жинаса, оны да көреміз. Ал егер ол тауар сатып, әртүрлі адамдардан әртүрлі сомада ақша алса, біз оны да көріп отырамыз. Мұндай фактілер анықталған жағдайда біз ешқандай айыппұл санкцияларын қолданбаймыз, тек хабарлама жібереміз. Жеке шоттарыңызға неге әртүрлі адамдардан үнемі ақша түсіп отырғанын түсіндіруді сұраймыз. Ол адам мұны түсіндіріп бере алады», – деп жауап берді вице-министр.
Осылайша Қаржы вице-министрі мобильді аударымдарды тексеру халықты жазалау үшін емес, күмәнді қаржылық әрекеттерді анықтау үшін жүргізілетінін айтты.


