NoFake

Әуе билеті қай кезде толық қайтарылады

Фото: Turkystan.kz

Егер рейс бес сағаттан артық кешіксе, жолаушыға билет құны толық қайтарылуы тиіс, деп хабарлайды nofake.kz/.

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті басқарма төрағасы Салтанат Томпиева әуе билеті тарифіне қарамастан, қандай жағдайда жолаушылар толық қайтарым ала алатынын түсіндірді.

«Қазіргі қолданыстағы ережелерге сәйкес, рейс бес сағаттан артық кешіккен жағдайда әрбір жолаушы билет құнын толық қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте билеттің қайтарымды немесе қайтарымсыз болғаны маңызды емес. Әуе компанияларының мәліметінше, егер жолаушы ауруына немесе өзге де құрметті себептерге байланысты ұша алмаса, мұндай өтініштер жеке тәртіппен қаралады. Көп жағдайда билет қайтарылады, себебі себеп құрметті деп танылады. Бұл норма қолданыстағы ережелер мен заңнамада бекітілген», — деп түсіндірді Әуе комитетінің басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жолаушыларға рейстің әрбір кешіккен сағаты үшін билет құнының 3 пайызы көлемінде өтемақы төленуі тиіс. Егер өтемақы төленбесе, әуе компаниясына айыппұл салынады. Қазіргі уақытта бұл тетікті автоматтандыру мәселесі талқыланып жатыр.

Оқу үшін