Қорғаныс министрлігі өкілі ер адамды тінтіді: ведомство мән-жайды түсіндірді

Фото: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрлігі желіде ведомство өкілі алматылық ер адамды тінтіді деген видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.
Желіде алматылық азаматтың Қорғаныс министрлігі бейджигін ұстаған белгісіз адамның өзін тінтігені туралы ақпарат тарады.

Ведомство аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.
«Әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 21 қаңтарда Алматы қаласында орын алған оқиғаға қатысты бейнероликтің таралуына байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі бейнежазбада көрсетілген және өзін Қорғаныс министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған тұлға әскери қызметші болып табылмайтынын және министрлікке ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлайды. Қорғаныс министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп аталған оқиғаның мән-жайын тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар заңда көзделген шараларды қабылдау үшін ішкі істер органдарына жолданатын болады», — делінген хабарламада.
Осы ретте, ҚР Қорғаныс министрлігі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерді басшылыққа алуға шақырады.


