NoFake

Сәпиев пен орынбасары арасындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды

Serik sepiev

Фото: inform.kz

Қарағандыда бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімхановтың арасында болған төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деп жауап берді ресми сауалымызға Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қақтығыс 21 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Жанжал екеуара ұрыстан басталып, кейін төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Серік Сәпиев — 2024 жылдан бері Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Бокстан әлем чемпионы. Оның орынбасары Даурен Есімханов та танымал спортшы. Ол самбо және жауынгерлік самбо бойынша Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games жарысының күміс жүлдегері, сондай-ақ джиу-джитсудан әлем чемпионы.

Оқу үшін