NoFake

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлеген жоқ — Ақорда

Screenshot

Фото: Aqorda

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлеген жоқ, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Бейбітшілік кеңесіне қатысу мемлекеттердің дербес шешіміне негізделеді. Мемлекеттер Кеңес құрамына енгеннен бастап үш жыл мүше бола алады. Жарғыда айтылған 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты болып саналмайды. Егер алғашқы жылда мұндай жарна төленген болса, мемлекет Кеңес құрамындағы мерзімін үш жылдан әрі ұзарта алады.Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіруге қандай да бір қаржы төлеген жоқ. Бұл Жарғы ережелеріне толық сай келеді»,- делінген Ақорданың баспасөз қызметі жіберген ресми хабарламада.

Еске салайық, 22 қаңтар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Швейцарияның Давос қаласында АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен өзге 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Кеңес мүшелерінің мандаты үш жылға созылады.

Оқу үшін