NoFake

Давос кездесуінде Тоқаев Трампқа не деді: ресми түсініктеме

618254445 25872130695714439 3872712070191224297 n

Фото: Aqorda

Давоста өткен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында болған қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі. Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.», — делінген Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынған. Бұған дейін Трамп Газа бойынша бейбітшілік кеңесі құрылатынын мәлімдеген еді.

Оқу үшін