NoFake

Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді

Screenshot

Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Теңіз кен орнындағы өндірістік нысандарда қалыптасқан жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барып, өндірістік нысандардағы жағдайды бақылауда ұстау және оператор компаниямен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 18 қаңтарда орын алған технологиялық бұзушылықты – газ турбиналық қондырғыларының өшуін жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, «KEGOC» және «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері енді», — деп мәлімдеді министрлік.

Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор тарапынан персонал мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қолданыстағы қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданғаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта комиссия болған оқиғаның себептеріне егжей-тегжейлі техникалық талдау жүргізуде. Барлық ресми қорытындылар мен ақпарат комиссия жұмысының нәтижесі бойынша ғана жарияланатын болады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Айта кетейік, «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы Теңіз және Королев кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты. Бұл шешім 18 қаңтарда Теңіз зауытында трансформатордың жануы оқиғасынан кейін қабылданған.

Оқу үшін