NoFake

Әдейі банкроттық жасаған кәсіпкерлер қандай жазаға тартылады

gluster 2023 4 18 d0a030e88c1fcbd7b4a65a942e95c2c5 original.110863

Фото: Gov.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті әдейі банкроттық үшін жаза тағайындалатынын еске салды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Әдейі банкроттық – кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан қасақана жалтаруға, мүлікті жасыру немесе иеліктен шығару арқылы жасалатын әрекет. Мұндай әрекеттер үшін құрылтайшы, лауазымды тұлға немесе дара кәсіпкер жеке жауапкершілікке тартылады», – дейді Кірістер комитеті.

Заң бойынша кінәлі тұлғаға субсидиарлық жауапкершілік көзделген: компанияның берешегін өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті болады. Сонымен қатар, әкімшілік немесе қылмыстық тергеп-тексеру нәтижесінде кінәлі деп танылған тұлға банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін де жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Комитет атап өткендей, енді әдейі банкроттық белгілерін автоматтандырылған құралдар арқылы анықтау, мәмілелерді, компаниялар арасындағы байланыстарды және борышкерлердің мінез-құлқын талдау белсенді жүргізілуде. Бұл сотқа жолданатын талаптардың тиімділігін арттырып, кредиторлардың талаптарын әділ түрде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2024–2025 жылдардағы талдау көрсеткендей, банкроттық рәсімдерінде 120 әкімшілік өндіріс және 44-тен астам қылмыстық іс әдейі банкроттық белгілері бойынша қозғалған. 2025 жылы ғана кінәлі тұлғаларға қатысты 12-ден астам сот шешімі шығарылған.

Оқу үшін