NoFake

Қазақстанда жеке деректерді таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

344387676768

Фото: Gov.kz

Қазақстанда жеке деректердің жаппай таралып кетуі үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Жеке деректердің жаппай таралып кетуі үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз. Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Ал жеке ақпаратпен жауапсыз жұмыс істеудің кез келген фактісі заң аясында бағалануы керек», — деді Ростислав Коняшкин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қауіпсіздік талаптарын сақтамағандар үшін әкімшілік айыппұлдардың шекті мөлшері бірнеше есеге ұлғайтылып, 5000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін жеткізіледі.

«Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Бұдан бөлек дербес деректердің жаппай тарап кетуі үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз.Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек. Ал жеке ақпаратқа жауапсыз қараудың кез келген фактісі заңның бар қатаңдығымен  жазалануы керек», -деді вице-министр.

Айта кетейік, 18 қаңтар Қазақстанда Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді.

Оқу үшін