NoFake

ІІМ элиталық тұрғын үйдің күштік құрылымдарға берілгенін жоққа шығарды

ЖК Есентай сити

Фото: krisha.kz

Ведомство мәліметінше, аталған жылжымайтын мүлік нысандары берілмеген және ішкі істер органдарының балансында жоқ, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұған дейін бірқатар БАҚ пен пабликтерде Esentai City тұрғын үй кешеніндегі қымбат пәтерлер күштік құрылымдарға берілді деген ақпарат тараған болатын.

Алайда ІІМ бұл мәліметті жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, аталған жылжымайтын мүлік нысандары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне берілмеген және ішкі істер органдарының балансында есепте тұрмайды.

«Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрылымдық бөлімшелері бұл пәтерлерді өз қарамағына қабылдаған жоқ, оларды іс жүзінде пайдаланбайды және қызметтік немесе өзге де мақсаттарда пайдалануды жоспарлап отырған жоқ», — делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, ІІМ аталған жылжымайтын мүлікті беру негіздері, оны пайдалану мақсаттары, жөндеу мен күтіп-ұстау көздері, сондай-ақ бұл нысандарды басқарудың орындылығын бағалау мәселелері ішкі істер органдарының құзыретіне кірмейтінін атап өтті.

Оқу үшін