NoFake

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады: оның қызметі қандай

Fb6c1376 82ce 44cd 86ed f0f0a1d2a553

Фото: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай барысында елімізде вице-президент лауазымы пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Президенттің айтуынша, вице-президент институтын құрудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының өкілеттілігін тиімді қолдауға жағдай жасау. Вице-президенттің өкілеттіктерін тікелей Президент айқындайды.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша мына қызметтерді атқарады:

  • Қазақстанның мүддесін халықаралық форумдар мен шетел мемлекеттері делегацияларымен өтетін келіссөздерде қорғау;
  • Президенттің мүддесін Парламентте таныстыру;
  • Отандық және бірлескен қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындау.

Президенттің пікірінше, вице-президенттің қызметтік функцияларын Конституция мәтінінде көрсету қажет. Сонымен қатар, қазіргі Парламент қызметін қолдайтын кейбір аппараттық құрылымдар мен мемлекеттік кеңесші лауазымын қысқарту қарастырылып отыр.

Айта кетейік, бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.

Оқу үшін