Threads-гі манипуляция, науқандық фейк пен ҚҚС — апталық шолу
Коллаж: nofake.kz/
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында, соңғы күндері бірсарынды посттар мен пікірлер көбейіп кетті. Онда ҚҚС-тың көтерілуіне байланысты елімізде азық-түлік бағасы ондаған пайызға өсіп, қаңтардан бастап жаппай қымбатшылық басталды деген пікір айтылады.
Бұл расында солай ма? Әлде кейбіреулер қоғамның алаңдаушылығын өз мүддесіне пайдаланып отыр ма? Nofake.kz апталық шолуында осы мәселені талдап көрдік.