Қазақстанда зейнетақы төлемдері есебінен емделуге өтініштерді қабылдау тоқтатылды

Фото: kz.kursiv.media
Қазақстанда азаматтардың зейнетақы төлемдері есебінен емделуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы “Отбасы банкі» ресми мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/
Бұл туралы «Отбасы банкі» өзінің ресми сайтында жариялады.
«2026 жылғы 12 қаңтарда сағат 19.00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында БЗЖ есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Отбасы банкі Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды», — делінген банктің ресми хабарламасында.
Банк мәлідеуінше, БЗЖ-ын пайдалану арқылы емдеуге өтінімдерді қабылдауды қайта бастау туралы талаптарды түзету аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.


