NoFake

Шымкенттегі мұнай өнімдерін ұрлау схемасы туралы ақпарат расталмады

Снимок экрана 2026 01 09

Фото: "Самұрық-Қазына" АҚ

Бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласында мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленгені жөнінде ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Шымкент мұнай өңдеу зауыты аумағынан мұнай өнімдерін жөнелту қатаң түрде бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады және міндетті түрде қабылдау-тапсыру актілерімен рәсімделеді. Барлық өндірістік процестер автоматтандырылған әрі бақылаушы органдар үшін толықтай ашық. Мұнай өнімдерін жөнелту теміржол көлігі арқылы, сондай-ақ жеке ұйым – “Шымкент Мұнай Өнімдері” акционерлік қоғамына құбыр желісі арқылы тек ұсынылған өтінімдер негізінде ғана жүргізіледі», – деп мәлімдеді ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, жарияланымдарда аталған жеке ұйым Шымкент мұнай өңдеу зауытына қатысы жоқ және зауыт аумағынан тыс жерде орналасқан. Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Оқу үшін