Пухкет пен Мальдив аралдарына қар жауғаны рас па

Коллаж: nofake.kz/
Әлеуметтік желілерде Мальдив пен Пкухет аралдарында қар жауғаны туралы видеолар көп тарап жатыр. Бұл – дипфейк, деп хабарлайды nofake.kz/.
Бейнероликтер ЖИ-дің кезекті туындысы. Бір қарағанда оны шынайыдан ажырату қиын. Бірақ мұқият қарасаңыздар, қар 3–5 қаңтар аралығында жауды деп көрсетілген. Ал бұл уақытта Мальдив аралдарында ауа райы +28–30°C болған. Қаңтар — ең ыстық әрі құрғақ кезең саналады.
Жалпы Мальдив аралдары экваторға жақын орналасқан (солтүстік және оңтүстік жарты шарда теңіз деңгейінде), сондықтан климаты тропикалық. Оған сәйкес, мұнда ешқашан қар жаумайды. Жаз бен қыс айларының айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Орташа температура 24–31°C. Қар жауу үшін ауа температурасы нөлден төмен болуы керек. Ең суық мамыр–қыркүйек айларына сәйкес келеді. Өйткені жауын-шашын көп түседі.
Таиландтағы Пхукет аралы да тропикалық климатқа жатады. Мұнда орташа температура жыл бойы 24–33°C шамасында. Бұл жақта да ешқашан қар жауған емес.
Жасанды интеллектпен жасалған видеоларды шынайыдан ажырату күннен-күнге қиындап барады. Көбіне AI Videos жүйесімен жасалады. Айта кетейік, платформаларды жалған ақпарат таратуға қолданбаңыз. Әйтпесе, Қазақстан заңы бойынша жауапқа тартылуыңыз мүмкін.


