NoFake

Алматы прокуратурасы 6 млн алаяқтық қоңырауды бұғаттады

прокуратура

Фото: Depositphotos

Алматы прокуратурасы байланыс операторларымен бірігіп 6 миллион алаяқтық қоңырауды бұғаттады, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 6 млн астам алаяқтық қоңырауларға тосқауыл қойылып, SIM-box пен 5 колл-орталықты пайдаланудың 14 жағдайын анықтауға мүмкіндік берді. 9 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шығарылды. Жәбірленушілер 268 млн теңге сомасына 85 талап-арыз берді, оның 69-ын соттар қанағаттандырды. Сондай-ақ 100-ден астам құқыққа қайшы интернет-ресурстарына тыйым салынған», — делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше зардап шеккендер өз құқықтарын қорғауда белсенділік танытып отыр. 268 миллион теңге көлемінде 85 талап арыз берілді. Оның 69-ы соттармен қанағаттандырылды. Алаяқтықпен күресу аясында 100-ден астам заңсыз интернет-ресурс бұғатталды.

Оқу үшін