NoFake

Астанадағы ірі сауда желілерінде азық-түлік бағасы өсті ме: министр тексерді

Close up view of shopping cart overloaded with food while in background female person choosing products.

Фото: freepik.com

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы ірі сауда желілерін аралап, азық-түлік бағасын тексерді, деп хабарлайды nofake.kz/.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 1 қаңтарда елордадағы сауда желілеріне мониторинг жұмыстарын жүргізіп, аралады. Айта кетерлігі, сауда желілері бүгін 10:00-де өз жұмысын бастады. Сауда министрі баға тұрақтылығы мен сөредегі тауарлардың қолжетімділігіне, ассортиментіне баса назар аударды. 

“Біз арнайы 1-қаңтарда сауда желілерін аралап шықтық. Мақсатымыз — бүгінгі бағаның тұрақты екеніне көз жеткізу. Ешқандай өзгеріс, тапшылық жоқ. Жаңа жылдың алдында біз сауда желілерімен бірлесіп Береке fest акциясын өткіздік. Сауда желілері әлі де түрлі жеңілдіктер ұсынып жатыр. Сөреде тауар толы. Осындай тұрақты жағдай барлық сауда объектісінде болуы керек”, — деді Арман Шаққалиев. 

Ведомство басшысы бағаны тұрақты ұстауды және оны негізсіз өсірмеуді тапсырды. Сондай-ақ министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесіне бақылау жұмысы жүйелі жүргізіліп жатқанын еске салды. 

Айта кетерлігі, мұндай мониторинг жұмыстарын өңірлердегі сауда және тұтынушылардың құқығын  қорғау департаменттері жергілікті әкімдікпен бірлесіп белсенді жүргізіп жатыр. Ведомство басшысы соңғы 6 апта бойы әлеуметтік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты екенін атап өтті.

Оқу үшін