Қолайсыз ауа-райына байланысты ҚТЖ 13 бағытқа пойыз қосты

Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуына орай ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін 13 қала маңы пойызын қосты, деп хабарлайды nofake.kz/.
Жолаушыларды тасымалдау үшін келесі қала маңы пойыздары қатынайды:
Астана – Павлодар бағыты:
№7502 Астана – Павлодар
№6832 Астана – Павлодар
Павлодар – Астана бағыты:
№7501 Павлодар – Астана
№7509 Павлодар – Астана
Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты:
№6804 Атбасар – Астана
№6831 Астана – Жалтыр
Астана – Көкшетау бағыты:
№7515 Астана – Бурабай курорты
№6830 Көкшетау – Астана
№7508 Көкшетау – Астана
№7516 Бурабай курорты – Астана
Астана – Қарағанды бағыты:
№6858 Астана – Қарағанды
№6856 Астана – Қарағанды
Қарағанды – Астана бағыты:
№7553 Қарағанды – Астана
ҚТЖ жолаушыларды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райын ескеруге шақырды. Айта кетейік, қолайсыз ауа райына байланысты уақытша шектелген бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда 2025 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 15:30-дан бастап көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қайта ашылды. Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.


