NoFake

2026 жылы Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылады ма

Depositphotos 519446280 L (1)

Фото: depositphotos

Келер жылы АҚШ-қа тікелей әуе рейстері қатынайды деген ақпаратқа Көлік министрлігі жауап берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Халық арасында көптен бері АҚШ-қа тікелей әуе рейстері қатынайтыны туралы ақпарат қызу талқыланып жүр.

Комментарий
Скрин әлеуметтік желіден

Министрліктің мәліметінше, екі ел арасындағы әуе қатынасы туралы келісім құжат жүзінде бекітілген.

«Америка Құрама Штаттарына тікелей әуе қатынасын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылып, ратификацияланған. Қазіргі таңда рейстерді ашу үшін АҚШ-тың Федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) техникалық талаптарына сай келу мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. FAA талаптарының бірі – әуе қатынасын ашуды жоспарлайтын авиакомпанияның қолында екі мемлекет арасында тікелей рейстерді орындауға қабілеті бар әуе кемесінің болуы. «Эйр Астана» авиакомпаниясы сондай Боинг-787 «Дримлайнер» алғашқы әуе кемелерін 2026 жылы алуды жоспарлап отыр», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, сондай-ақ, АҚШ-пен бірге келер жылы елімізден Токиоға да тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін.

Оқу үшін