NoFake

2026 жылғы салық реформасы: мифтер мен шындық

Businessman working office

Фото: freepik.com

Халық арасында жаңа Салық кодексіне қатысты мифтер кең таралуда. Олардың қайсысы шын, қайсысы жалған? nofake.kz/ анықтап көрді. 

Жаңа Салық кодексі бекітілместен бұрын елдің бизнес-қауымдастығы оны көп талқыға салды. Дегенмен, халық арасында оған қатысты қауесет әлі деп көп. Соларға жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп көрсек. 

Елімізде шағын және ірі бизнес үшін салықтық жүктеме артады деген қауіп болды. Дегенмен прогрессивті ЖТС пен көтерілген КТС мөлшерлемелері енгізіліп, ал ҚҚС бойынша тіркеу шегі төмендетілді. Бұл көптеген шағын компанияларды ҚҚС-ын төлеуге мәжбүрлейді. Демек, бизнес үшін салық жүктемесі артады деген қауесет рас. 

Фискалдық бақылау күшейеді. Яғни, көптеген кәсіпкерлер бақылау, шоттарды бұғаттау және камералдық тексерулер көбейеді деп алаңдады. Нәтижесінде камералдық бақылау сақталды, бірақ ол енді ескерту сипатында жүргізіледі. Бұл шотты бұғаттаудан сақтайды, бірақ фискалдық қысымды толық жоймайды.

Сондай-ақ, бизнес өкілдері ҚҚС бойынша құжат айналымы, әсіресе тіркеу шегі төмендегеннен кейін күрделенеді деп ойлады. Шағын бизнес үшін бұл шынымен қиындық туғызады. Дегенмен, цифрландыру арқылы бұл процесті барынша жеңілдетуге болады. 

Одан бөлек, бизнес өкілдері барлық арнайы режимдер мен жеңілдіктер жойылады деп күдіктенді. Нәтижесінде арнайы режимдер жойылған жоқ, тек оңтайландырылды — қазір үш режим бар және олар жеңілдетілді. Әлеуметтік ұйымдар, ауыл шаруашылығы өндірушілер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, бағалы қағаздар және шикізатты өңдеу үшін жеңілдіктер сақталды.

Барлық салықтық шегерімдер жойылады деген миф тарады. Тіпті әлеуметтік және жеке салық шегерімдері жойылады деген қауесет болды. Дегенмен, шегерімдер кеңейтілді, мысалы, мүгедектігі бар адамдарға.

2026 жылғы Салық реформасының басты артықшылықтары қандай?

Салық құрылымы нақтыланды әрі жеңілдетілді — кей салықтар біріктірілді. Әлеуметтік маңызды салаларға (медицина, ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет) жеңілдіктер бар. Микробизнеске қысымды азайту үшін тексерулер жеңілдетілді және өтпелі кезеңдер қарастырылды. Сондай-ақ, ірі бизнес үшін салықтық жүктеме өсті, жаңа мөлшемелер мен IT жүйелерді бейімдеуге қосымша шығын кетеді және шағын бизнес үшін жылдық 40 миллион теңгеден асатын айналым бойынша ҚҚС тіркеу міндеті енгізіледі.

Ал мемлекет жаңа салық төлеушілерді қамту арқасында салық түсімдерін арттырады, прогрессивті мөлшемелер мен бағалы тауарларға салық арқылы бюджетке түсімді көбейтеді, цифрлық әкімшілендірудің арқасында жүйе ашық әрі айқын болады, көлеңкелі операциялар азаяды, қор нарығы мен шикізатты өңдеуге инвестициялар көптеп тартылады. 

Ал, кемшілігі — шағын кәсіпкерлер үшін ҚҚС әкімшілігі күрделене түссе, кейбір бизнес өкілдері «көлеңкелі экономикаға» өтуі мүмкін. Сол сияқты есеп беру талаптары көп болса, шағын және орта кәсіпкерлер өз бизнесін тоқтатуы мүмкін. 

Оқу үшін