NoFake

Бразилияда алып бұршақ жауып жатыр – дипфейк

F65d3829 c271 4d86 b6ed b988fbe039e8

Скриндер видеодан

Әлеуметтік желіде тараған Бразилиядағы алып бұршақ туралы видео дипфейк болып шықты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Мәселен, сондай парақшалардың бірі devil_heart.47 деп аталады. Үндістанда тіркелген. Онда біресе қызыл дельфин, енді бірде Дубайды топан су басқан видеолар жарияланады.

Автор әрбір видеонының астына: «Бұл — жасанды интеллект арқылы жасалған контент. Видеода көрсетілгендердің бәрі шындыққа жанаспайды, тек ойын-сауық мақсатында жасалған» деп жазады. Бірақ соған қарамастан оның жасаған видеоларына сеніп жатқан адамдар өте көп.

Шынайы видеоға ұқсас етіп жасайтын ЖИ түрлері:

?Deepfake video – адамның бет-әлпетін, дауысын басқа видеоға дәл келтіріп қояды
?AI avatar / talking head – фотодан немесе мәтіннен сөйлеп тұрған адам видеосын жасайды
?Text-to-video – тек мәтін арқылы толық бейнеролик генерациялайды

Бұл неге қауіпті?

?Алаяқтық, жалған жарнама
?Белгілі адамдар атынан фейк мәлімдеме
?Қоғамға манипуляция жасау

Көп елде (соның ішінде Қазақстанда да) адамның рұқсатынсыз оның бейнесін, дауысын пайдалану — заң бұзушылық болып саналады. Әсіресе ол алдау, пайда табу немесе беделіне нұқсан келтіру мақсатында жасалады.

Қалай ажыратуға болады?

◽️Ерін мен дыбыс сәйкес келмейді
◽️Көз жыпылықтауы табиғи емес
◽️Бет мимикасы «жанды» көрінбейді
◽️Дереккөз көрсетілмейді
◽️Видеодағы әрекеттер шындықпен мүлде сәйкес келмейді (мына видео сондай)

Ғаламтордан қандай да бір видео, фото, ақпарат көргенде сараптап отырыңыз. Сонда алданып қалмайсыз.

Оқу үшін