NoFake

Қызылорда облысында бос үйлерге газ тартылғанын әкім растады

6948e933cfa6f980730467

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысының әкімі Шалқия кентінде адам тұрмайтын үйлерге неге газ тартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысының Шалқия кентінде ешкім тұрмайтын үйлерге газ тартылғаны туралы ақпарат тараған еді.

«Ол жерде Кеңес Үкіметі кезінде салынған 7 көпқабатты үй бар. Соның 350-ден астам пәтерінде адамдар қоныстанған. Ал қалған пәтерлер бос. Бірақ олардың иелері бар, кезінде олар жекешелендіріп алған. Оған аудан әкімдігі біздің тапсырмамен бірнеше рет ескертулер жіберді. Кейбірі құлақ асып келіп үйіне кіргізіп алды, сол сияқты құлақ аспағандары да бар. Ол жерде тек 7 көпқабатты үйге ғана емес, 10 мыңнан астам халыққа газ берілді. Айналдырған 300 отбасы үшін 10 мыңнан астам халық көгілдір отынсыз отырмайды ғой? Өйткені Шалқия – ауданға жақын, 10 мыңнан астам тұрғыны бар кент. Қазір 95 пайыздан астамы сол көгілдір отынды пайдаланып отыр. Пайдаланбай отырғандар үйлерін тастап кеткен 300-ге жуық отбасы. Олар келіп үйлеріне кіргізіп алсын, ол үйде тұрмаса сатсын. Ол өздерінің жеке үйлері ғой, не мемлекет өткізбейді, не сатпайды, бос тұр. Олай болмайды, қанша рет ескерту жасалды, сондықтан ол қаражат тиімді жұмсалды», — деп түсіндірді әкім. 

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев БАҚ өкілдері алдында брифинг өткізді. Онда өңір басшысы аймақта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен бөлісті. 

Оқу үшін