NoFake

Трамп грин-карталарды шын мәнінде жойды ма

Иллюстрация: nofake.kz/

Дональд Трамптың әкімшілігі Diversity Visa бағдарламасын тоқтатты. Бұл кейбір жарияланымдарда айтылғандай, барлық грин-карталардың жойылғанын білдірмейді, деп хабарлайды nofake.kz/.

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм X әлеуметтік желісінде президенттің нұсқауымен АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметіне (USCIS) бағдарламаның жұмысын тоқтату жөнінде тапсырма бергенін хабарлады.

«Президент Трамптың нұсқауы бойынша мен АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметіне бұдан былай бірде-бір америкалық осы жойқын бағдарламаның салдарынан зардап шекпес үшін  DV1 бағдарламасын дереу тоқтатуды тапсырамын», — деп жазды министр.

АҚШ президенті Дональд Трамп грин-карта лотереясы бағдарламасының (Diversity Immigrant Visa Lottery) әрекетін тоқтатуды тапсырды. Бұған Браун университеті мен Массачусетс технологиялық институтындағы атысқа күдіктінің АҚШ-қа дәл осы бағдарлама арқылы кіргені туралы ақпарат себеп болды.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде АҚШ-та грин-карталардың толықтай жойылғаны туралы хабарламалар тараған болатын. Алайда әңгіме барлық тұрақты тұруға рұқсат алу жолдары туралы емес, тек Diversity Visa лотереясы бағдарламасының уақытша тоқтатылуы жөнінде болып отыр.

Оқу үшін