NoFake

Шымкентте танымал кофенің жалған түрін өндіретін цех анықталды

Фото: Министерство юстиции РК

Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда «MacCoffee» 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әділет органдары мен полиция департаменті бірлескен жедел тексерістің нәтижесінде цех жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

«Тез еритін кофені «С» есімді азамат кәдімгі гаражда дайындаған. Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған. Анықталған орында тез еритін дайын 3/1 кофені термотігіс арқылы ыдысқа құю, орау және өзге біреудің тауар белгісін жапсыру жұмыстары жүргізілген. Аталған контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан «MacCoffee» 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді», — делінген ресми хабарламада.

Фейки кофе
Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Құқық иеленушінің ресми мәлімдемесінде тәркіленген контрафактілік өнімнің сапа талаптарына сай келмейтіні және оның тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін екені айтылған. Аталған дерек бойынша «С» азаматына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы — өзге біреудің тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Оқу үшін