NoFake

Электрлі велосипед қай жолмен жүруі керек — Түсіндіреміз

курьер на эвелике

Фото: Depositphotos

Астанада қар жауып, жол қозғалысы қиындаған сайын электрлі велосипедпен жүрген курьерлердің саны артты. Кейбір модельдер сағатына 40–50 км жылдамдыққа дейін жетсе де, олар жаяу жүргіншілер жолымен қозғалып, тұрғындардың қауіпсіздігіне алаң туғызуда.

Осыған байланысты nofake.kz/ жол жүрісі қағидаларына сай электрлі велосипедтерді қай жерде және қандай тәртіппен басқаруға болатынын ІІМ баспасөз қызметінен нақтылады.

Заңға сәйкес электрлі велосипед мопедке теңестіріледі. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 24-тарауы мен практикалық құқық қолдану тәжірибесіне сәйкес:

Электрлі велосипедтер қуаты 250 Вт-тен асып, жылдамдығы 2 км/сағ-тан жоғары болса, мопед санатына жатады. Жылдамдығы 40–50 км/сағ болатын электрлі велосипедтер үшін велосипедке арналған жол ережелері қолданылмайды. Олар тек мопедке арналған ережелерге сәйкес қозғалуы тиіс.

Вело
Фото: коллаж nofake.kz/

Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, мопед – қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мопедтерге мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да механикалық көлік құралдары теңестіріледі.

Вело
Фото: nofake.kz/. Астана, "Sat city" тұрғын үй кешені

Электрлі велосипедтер қай жолмен жүруі тиіс?

ЖЖҚ 24-тарау, 166-тармақ бойынша: «Мопедтер жолдың жүру бөлігінде қозғалады, жолдың оң жақ шетінде бір қатарда, мопедтерге арналған жол белгілерін сақтай отырып» қозғалуы тиіс.

Сонымен қатар, тротуармен, жаяу жүргіншілер жолымен немесе велосипед жолымен жүруге болмайды, тек арнайы жол белгісі болса ғана рұқсат. Жол қозғалысы кезінде басқа көліктердің және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі керек.

Мопедке теңестірілген электрлі велосипед жүргізушілері мемлекеттік тіркеуге ие болуы керек, мемлекеттік нөмірі, жүргізуші куәлігі (A1/A/B санаты) болуы керек. Жол қозғалысы барысында қорғаныш шлемін кию міндетті.

Жоғары жылдамдықтағы электрлі велосипедтер қауіпті, сондықтан тек жолдың жүру бөлігінде және қауіпсіз жылдамдықпен қозғалуы керек. Жаяу жүргіншілерге және басқа көліктерге кедергі келтірмеу керек. Мопед ретінде тіркелген және барлық құжаттары болуы тиіс.

ЖЖҚ 1-тарау, 1-баптың 10 тармағына сәйкес мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан жеке адамдар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі.

Оқу үшін