Жолдағы «сәбиі бар автокресло» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – ІІМ

Коллаж: nofake.kz/
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған жолдардағы «жалған сәбиі бар» балалар автокреслосы түріндегі «тұзақ», сондай-ақ көлікті тоқтату үшін оның алдыңғы әйнегіне жұмыртқа лақтыратындар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Мессенджерлерде таралып жатқан жолдардағы «жалған сәбиі бар» балалар автокреслосы түріндегі «тұзақ», сондай-ақ көлікті тоқтату үшін оның алдыңғы әйнегіне жұмыртқа лақтыратындар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ІІМ әлеуметтік желі қолданушыларына БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған ақпарат таратудың жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Тек ресми дереккөздерге ғана сенуді ұсынамыз», -деп мәлімдеді ІІМ ресми хабарламасында.
Министрлік тұрғындарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.


