NoFake

Алматыда Қарғалы өзені тасып жатыр: басқарма мән-жайды түсіндірді

Flood 123200

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Қарғалы өзенінің тасып жатқаны туралы видео тарады. Автор онда өзеннің ағысы күшті екенін әрі ол қала ішіндегі арықпен шамадан артық көлемде ағып жатқанын көрсеткен. Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Автор видеода өзеннің Алматыдағы «Қалқаман 2» ықшам ауданында күшті ағыспен ағып жатқанан көрсеткен. Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді. 

«Қазіргі таңда Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысы бойынша мердігер ұйымның күшімен Қарғалы өзенінің Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскесінде арнаның жекелеген бөліктерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Суды бұруды қамтамасыз ету және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мүмкіндігі үшін өзен арнасы бойына диаметрі 600 мм болатын гофрленген құбырлар орнатылған. 2025 жылғы 12 желтоқсанда Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан су ағындары уақытша тұрғызылған бөгеттерді, сондай-ақ суды бұруға пайдаланылған гофрленген құбырларды шайып кеткен. Бүгінгі күні жағдай тұрақты және бақылауда. Бұзылған гофрленген құбырлар мердігер ұйымның күшімен өзен арнасынан алынып тасталды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасының жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық орнықтылығы туралы жазған едік

Оқу үшін