NoFake

Жер сілкінсе «Көктөбе» телемұнарасы құлауы мүмкін бе: Үкімет басшысы жауап берді 

RSi7YUrQ17RgygGfknwm

Фото: koktobe.com

Алматы – еліміздегі сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақта орналасқан қала. Осыған орай, сенат депутаттары қаладағы «Көктөбе» телемұнарасының инженерлік-техникалық және сейсмикалық жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Премьер-министр Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаевтың «Көктөбе» телемұнарасының қазіргі жай-күйіне қатысты сауалына жауап берді. Ол телемұнараға былтыр тәуелсіз техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. 

«Оған сәйкес телемұнараның қолданыстағы сейсмикалық төзімділік нормативтеріне сәйкес келетіндігі расталды. Конструкцияның қауіпсіздігі, конструкциялық орнықтылығы мен нысанның одан әрі пайдаланылуы жөнінде қауіп-қатерлер анықталмады. Тіреу конструкциялары техникалық тұрғыдан сенімді және жұмысқа жарамды күйде. Кәсіпорын еліміздің ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы ретінде бүкіл ел аумағында эфирлік тарату жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және маңызды ақпараттық инфрақұрылым объектілерінің техникалық сенімділігін қолдап отырады», — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, өткен аптада эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 277 шақырымда орналасқан жерде жер сілкінісі тіркелген еді. ТЖМ мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,7-ні құраған. 

Оқу үшін