ТЖҚ Алматыда жер сілкінісі болғанын растады

Фото: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкісін растады, деп хабарлайды nofake.kz/.
«Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 04 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖҚ әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Министрлік мәліметінше, сілкініс ошағы Қытай аумағынан басталған. Магнитуда 3 балл.
«Жер сілкінісі ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан Жерсілкінісінің координаттары : 41.021 с.е. 78.387 ш.б Тереңдік 5 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.0. Магнитуда MPV6.7», — деп мәлімдеді ТЖҚ.
Есептік қарқындылығы: Алматы қаласы – 3 балл, Алматы облысының аумағында – 2-3 балл, Жетісу облысының аумағында – 2 балл, Жамбыл облысы Құлан ауылы – 2 балл. Қалада сирена дыбыстары естіліп, тұрғындарға жер астындағы дүмпулер туралы хабарламалар келген. Ақпаратты нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


