NoFake

Желіде зейнетақы жарналарына қатысты жаңа дипфейк тарады   

Снимок экрана 2025 11 21

Кадр жалған видеодан

Әлеуметтік желілерде ер адам мінберден қазақстандық депутаттарға үн қатады деген мазмұндағы видео жылдам тарап жатыр. Эмоцияға толы сөзімен ол зейнетақы жарналарын төлемегені үшін банк шоттарын бұғаттауға ашу-ыза танытып, парламент мүшелерінің жалақысын елдегі орташа деңгейге дейін төмендетуді ұсынады. Алайда жарияланған видеоның шын оқиғаға еш қатысы жоқ дипфейк, деп хабарлайды nofake.kz/

Таралған роликтің астындағы пікірлерде кейбір қолданушылар видеодағы ер адамның сынын қолдаса, басқалары Парламент депутаттарының әрекетсіздігін айыптап әлек. Олардың басым бөлігі видеоның жай ғана жасанды интеллект арқылы жасалған дипфейк екенін түсінбей отыр.

Видеоға мұқият қарағанда ондағы олқылықтар бірден көзге түседі. Мәселен, мінбердегі елтаңба Қазақстан Республикасының ресми рәміздерімен сәйкес келмейді. Мемлекеттік тудың өзі және сөйлеп тұрған адамның қимыл-қозғалысы бір көріністе бар болса, енді бірінде жоқ. Залдың интерьері де шындыққа жанаспайды, себебі Астанада мұндай безендірудегі мемлекеттік орын жоқ. Сонымен қатар кадрдағы залда отырған адамдар кей сәттерде тұманданып, пішіні бұзылып кетеді. Мұның бәрі видеоның жасанды интеллект көмегімен жасалғанын айқын дәлелдейді.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың банк шоты зейнетақы жарналарын төлемегені үшін бұғатталады деген жалған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған болатын.

Оқу үшін