Ақпараттың шынайылығын қалай тексереміз және алаяқтардан сақтану жолдары

Фото: Depositphotos
Жалған ақпарат көбіне орфографиялық қателерге толы болады және мұндай хабарламаларда «белгілі ғалым», «барлығына белгілі және дәлелденген», «қауіпсіздік қызметінде жұмыс істейтін таныс, дос, туыс», «ақиқатты ашу», «ақиқат ашылды», «тез байып кету» сияқты елең еткізер тіркестер жиі қолданылады, деп хабарлайды nofake.kz/.
Мұндай хабарламалар ақпаратты барынша кең таратуға итермелейді және онлайн, не офлайн әрекеттерге шақырады. Бұл мемлекеттік билік институттарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондай-ақ ақпарат таратып отырған дереккөздің беделіне де назар аудару қажет.
Есте сақтаңыз: бұл белгілер хабарламаның жалған екенін дәлелдемейді, бірақ ықтимал қауіп-қатерді анықтауға көмектеседі.
Фактіні тексеру неден басталады
Деректерді растау жұмысы фактчектен, яғни мәліметті ашық деректер негізінде іздеуден басталады. Алдымен ақпараттың түпнұсқа көзін тауып, оның беделді екеніне көз жеткізіңіз. Кейін клише мен стереотиптерді қолданудан аулақ болыңыз.
Ашық дереккөздермен жұмыс істегенде ақпаратты міндетті түрде кем дегенде қосымша екі тәуелсіз дереккөз арқылы қайта тексеріңіз. Барлық детальді нақтылаңыз. Әрбір мәлімет дәлелденуі тиіс.
Видео верификациясы
Видеоны тексеру үшін: кері іздеу (reverse image search) жасап көріңіз, видеоның контексті мен детальдарын зерттеңіз, пікірлерді талдаңыз.
Тексеру кезінде есіңізде болсын: жалған видеоларда бейне айнаға түсірілуі мүмкін, түстердің реңі мен контраст өзгертіледі, медиа логотиптері мен сутаңбалар қосылуы мүмкін.
Сайтты тексеру
Сайттың шынайылығын тексеру доменнен баталады. Ол түпнұсқаға ұқсас болуы мүмкін, бірақ кішігірім қателермен ерекшеленеді.
❌ 1. Жалған «eGov» сайттары
Фишинг нұсқалары көбіне осылай көрінеді:
egov-kz.com
e-gov.kz-login.net
egov-kabinet.info
egovpay-kz.site
Нақты ресми нұсқа:
❌ 2. Жалған Kaspi сайттары
Алаяқтар Kaspi-дің атын жиі қолданады:
kaspi-kz-personal.com
kaspi24-login.net
kaspi-bank-support.info
kaspipay-bonus.site
Ресми сайт:
❌ 3. Жалған банктік ресурстар
Көбіне осындай атаулар жасалады:
halykbank-support.com
bankrbk-service.net
Ресми сайттар:
❌ 4. Мемлекеттік органдардың жалған көшірмелері
Оларды тану оңай:
gov.kz домені әрдайым .gov.kz болады.
Фишинг үлгілері:
govkz-support.com
akorda-kaz.info
police-kz.net
Ресми домендер:
✔ .gov.kz
✔ akorda.kz
✔ police.gov.kz
❌ 5. Жалған жеткізу қызметтері мен маркетплейстер
post-kz-tracking.com
postkz-delivery.net
satu-market.shop
olx-kz-payments.com
Ресми сайттар:
✔ post.kz
✔ olx.kz
✔ satu.kz
Екінші қадам. Сайттың ашылғанына қанша уақыт болғанын және иесін «Whois» сияқты арнайы сервистер арқылы анықтау. Егер бұрыннан бар ұйымның сайты жаңа жасалған болып шықса, оның жалған болуы әбден мүмкін. Алдымен домен атауын тексеріңіз. Алаяқтар жиі ресми сайттарға ұқсас домендер қолданады: мысалы, .gov.kz орнына .com немесе .info.
Сонымен қатар сайт мазмұнын да талдаңыз. Әдетте фейк сайттарда қателер өте көп болады. Мысалы алаяқтар ҚР Қаржы министрлігінің жалған сайтының сілтемесін таратқан.
Құжаттарды тексеру
Мәтінді мұқият оқып, өрескел қателердің бар-жоғын тексеріңіз. Жалған құжаттарда ондай қателер жиі кездеседі. Құжатқа кім қол қойғанын қараңыз. Интернеттегі сурет бойынша іздеуді пайдаланыңыз. Кейде жалған құжат жасаушылар ашық дереккөздерден кездейсоқ қолтаңбаны алып, оны шынайы етіп көрсетеді.
Адамның нақты қолтаңбасын ресми сайттағы құжаттардан немесе интернеттен тауып, салыстырып көріңіз. Құжаттағы белгілемелерді салыстырыңыз. Ұйым атауы, байланыс деректері және басқа реквизиттерге мән беріңіз.


