NoFake

Зейнетақы жинағын үй алу мен ипотеканы өтеуге қалай қолданамыз

ключи от дома

фото: Depositphotos

Қазақстан азаматтары БЖЗҚ-дағы жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарна ретінде және ипоетка қарызын өтеуге пайдалана алады. nofake.kz/ артық ақшаңызды қалай пайдалануға болатынын түсіндіреді.

1-қадам. Жеткіліктілік шегінен асқан соманы тексеру

Алдымен азамат БЖЗҚ-ның жеке кабинетіне кіріп, өз жинағының көлемін және пайдалануға рұқсат етілген артық соманы анықтайды.

2-қадам. Артық соманы Отбасы банкінің платформасына аудару

Жеткіліктілік шегінен асатын қаражат Отбасы банкінің уәкілетті платформасы (enpf-otbasy.kz) арқылы арнайы шотқа аударылады. Бұл қаражатты қолма-қол шешіп алу мүмкін емес.

3-қадам. Мақсатты таңдау

Платформада қаражатты пайдалану мақсаты көрсетіледі. Зейнетақының артық сомасын мына мақсаттарға бағыттауға болады:

тұрғын үй сатып алу;

ипотекаға бастапқы жарна төлеу;

қолданыстағы ипотекалық қарызды толық немесе ішінара өтеу;

ипотеканы қайта қаржыландыру.

Таңдалған мақсатқа сәйкес жүйе қажетті құжаттар тізімін ұсынады.

4-қадам. Отбасы банкте арнайы шот ашу

Зейнетақы қаражаты тікелей азаматтың қолына берілмейді. Ол Отбасы банкінде ашылған арнайы шотқа аударылады. Бұл шот тек тұрғын үй операцияларына арналған.

5-қадам. Құжаттарды жүктеу және өтінім беру

Платформада:

сатып алу-сату шарты;

ипотекалық келісімшарт;

банк анықтамалары сияқты құжаттар электронды түрде тіркеледі. Барлық дерек дұрыс болған жағдайда өтінім қабылданады.

6-қадам. Қаражатты мақсатты пайдалану

Мақұлданғаннан кейін зейнетақының артық сомасы: сатушыға, банкке тікелей аударылады. Қаражатты өзге мақсатқа пайдалану заңмен шектелген.

Тағы қандай мүмкіндіктер бар

Артық зейнетақы жинақтарын ипотеканы мерзімінен бұрын өтеу үшін пайдалануға болады. Қаражатты Отбасы банкінің депозитіне аударып, кейін бастапқы жарна ретінде қолдану мүмкіндігі бар. Бұл тетік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға да қолданылады

Нені ескеру керек

Осылайша, БЖЗҚ-дағы артық зейнетақы жинақтарын пайдалану — бастапқы жарна жинауда қиындық көріп жүрген азаматтар үшін ең жылдам әрі заңды жолдардың бірі.

Оқу үшін