NoFake

Салық шақыртулары енді қалай келеді: 1414 SMS-ін елемеуге бола ма

налог

Фото: Depositphotos

Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық хабарламалар жүйесіндегі өзгерістерді түсіндірді. Енді шақыртулар электронды форматта жедел жолданып, 1414 нөмірі арқылы да жіберіледі, деп хабарлайды nofake.kz/

Бұрын хабарламалар негізінен қағаз түрінде жіберілетін болса, қазір әкімшілік істер «Әкімшілік өндірістердің бірыңай тізілімі» (ӘӨБТ) жүйесі арқылы цифрлық форматта жүргізіледі. Сондықтан дәстүрлі поштамен қатар электронды арналарға басымдық берілген.

Шақыртуды қайдан тексеруге болады?

Салық төлеушінің кабинетінде (СӘІЖ жүйесі);

eGov жеке кабинетінде;

1414 нөмірінен келген SMS арқылы.

Мамандар 1414 нөмірінен келетін хабарламаларды елеусіз қалдырмауға кеңес береді. SMS істің егжей-тегжейін қамтымаса да, ол ресми хабарлама болып саналады. Сондықтан уақытылы шара қолдану үшін цифрлық сервистерді жиі тексеріп тұру маңызды.

Оқу үшін