NoFake

ШҚО-да Мәңгілік алауға тауық қуырғандарды полиция іздестіріп жатыр

огонь

Фото: Depositphotos

Риддерде көпшіліктің наразылығын тудырған оқиға тіркелді: белгісіз адамдар Мәңгілік алауда тауық қуырған. Оқиға орнынан тараған фото-видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тұрғындар кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды nofake.kz/.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл әрекет – тек құрметсіздік қана емес, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған мемориалды қорлау болып саналады. Риддер қаласының полиция бөлімінде осындай факті тіркелгенін растады. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

«Қорлау фактісі Риддер қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта құқықбұзушылардың жеке басын анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық шаралар кешені жүргізілуде. Полиция қызметкерлері жақын маңайды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, куәгерлерді анықтап, сұрастыруда», — делінген полицияның ресми мәлімдемесінде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін еске салды. Тарихи және мәдени ескерткіштерді, ғимараттар мен құрылыстарды қорлау – әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетін құқықбұзушылық.

«Кез келген заңсыз әрекеттер қатаң түрде тоқтатылады, ал кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», – деп атап өтті ведомство.

Оқу үшін