NoFake

Референдумда «марқұмдардың атынан дауыс берілді» деген дипфейк тарады

Фото: Скрин видеодан

Референдум қарсаңында тик-токта қайтыс болған адамдардың атынан дауыс беріледі деп жарияланған видео — дипфейк, деп хабарлайды NoFake.kz.

Видеоға зер салып қарасаңыз, оның жасанды екенін дәлелдейтін бірнеше техникалық қателікті оңай байқауға болады.

Фото: Скрин видеодан

Бет-әлпеттің тұрақсыздығы: Видео барысында комиссия мүшесінің жүзі үш рет ауысады. Бұл – ЖИ алгоритмдерінің кейіпкер бейнесін сақтай алмағанын көрсетеді.

Көзқарас сәйкессіздігі: Диалог кезінде ақсақал қасында тұрған қызға бұрылмай, тіке алдына қарап сөйлейді. Бұл екі бөлек кадрдың монтажбен сәтсіз біріктірілгенін растайды.

Дипфейк белгілері: Кейіпкерлердің бет-жүзіндегі сызықтар тегістелген, жарық бірыңғай түскен. Мұндай табиғи емес көрініс дипфейк технологиясына тән. Сондай-ақ, видеодағы Елтаңба ЖИ көмегімен құрастырылғаны анық көрінеді. Өйткені оның элементтері ұқсас болғанымен, анықтап қарағанда қанатты пырақ, шаңырақ, жұлдыздың қате екенін байқауға болады.

Видео соңында жемқорлық туралы ән орындалады. Мәтіндегі «Жадность — подруга», «Честным быть как пешком до луны», «Это взятки, коррупция» деген тіркестер көрерменнің эмоциясына әсер ету үшін әдейі таңдалғандай әсер қалдырады.

Оқу үшін