Қолайсыз ауа райында қауіпсіздікті қалай сақтаймыз

Фото: Depositphotos
Қыста жол қауіпсіздігі туралы кеңестер жиі тарайды, бірақ бәрі бірдей расталмаған. nofake.kz/ қаладағы қозғалыс, боран және жарақаттың алдын алу туралы жолдарын ұсынады.
Қаладағы қысқы жол қауіпсіздігі: фейк пен факт
Көп жағдайда көлік жүргізушілері «Қалада жолдар тазартылған, қауіп жоқ» деп ойлайды. Алайда қыс мезгілінде қала көшелерінде қар мен көктайғақ жиі болады, ал көліктің тежелу қашықтығы ұлғаяды. Мұндай жағдайда жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауы тиіс. Жаяу жүргіншілер өткелдері мен аялдамалар маңында ерекше сақтық қажет.
Жүргізушілерге арналған ресми ұсыныстар:
қысқы шина қолдану;
күрт тежеу мен манёврден аулақ болу;
көліктің әйнегі мен жарық шамдарын қар мен мұздан тазалау;
жол жағдайын алдын ала тексеру.
Жаяу жүргіншілерге арналған травматолог кеңестері
Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс травматологы Алексей Солод қыс мезгілінде жарақат алу қаупі артатынын ескертеді.
Маманның айтуынша көктайғақ кезінде биік өкшелі аяқ киімнен бас тарту керек. Табаны таймайтын, кедір-бұдыр түрін таңдаған маңызды. Асықпай, ұсақ қадаммен жүру қажет. Тепе-теңдікті сақтау үшін қолды қалтаға салмай, ауыр сөмкелерді мүмкіндігінше көтермеу керек. Ал қарт адамдарға резеңке немесе металл ұшы бар таяқ қолдану ұсынылады. Қосымша тірек ретінде шаңғы таяғын пайдалануға болады.
Травматолог «Құласаң, бірден тұрып кету керек» дееген пікірді де жоққа шығарды.Маманның айтуынша, құлағаннан кейін бірден тұрмау қажет. Бас айналу немесе қатты ауырсыну байқалса, айналадағы адамдардан көмек сұрап, медициналық мекемеге жүгінген дұрыс.
Ал егер құлап бара жатқан жағдайда, тізені бүгіп, бүйірмен түсу арқылы ауыр жарақат алу қаупін азайтуға болады.
Боранда жолда қалып қою: шындық пен жалған ақпарат
Боранда жолда қалып қойған жолаушылар арасында «Көмек іздеп жаяу кеткен дұрыс» пікір де расталмады. Қатты боран мен аязда бұл әрекет өмірге қауіпті.
Факт: егер көлік тоқтап қалса немесе жол жабылса, 112 нөміріне хабарласу қажет. Бұл — Қазақстан бойынша жұмыс істейтін бірыңғай жедел қызмет нөмірі.
Құтқару қызметінің ресми ұсынымы бойынша, боранда ең қауіпсіз шешім — көлік ішінде қалып, көмек күту.


