NoFake

Қазақстанда Ресей Федерациясының Еңбек кодексі қолданылмайды

Работник главное фото

Жұмыс іздеу сайттарының бірінде Қарағанды қаласында «қоймашы» қызметіне қабылдау туралы хабарландыру жарияланып, онда жұмысқа орналастыру Ресей Федерациясының Еңбек кодексіне сай жүргізілетіні көрсетілген. Мұны байқап қалған желі қолданушыларының бірі ақпараттың заңдылығына күмәнданып, өз парақшасында талқылауға салған.

Работа

nofake.kz/ бұл мәселеге қатысты жұмыс берушіге хабарласып, шынымен Қазақстан азаматтарын Ресей Федерациясының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдайсыздар ма деген сауал қойды. Компания өкілі ақпараттың қате жазылғанын айтып, хабарландыруда орын алған техникалық қателік екенін түсіндірді.

Мәселені заңдық тұрғыда нақтылау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгіндік. Ведомство өкілдері Қазақстан аумағында өзге мемлекеттердің еңбек заңнамасын қолдану заңға қайшы екенін атап өтті.

«ҚР аумағында РФ Еңбек кодексімен жұмысқа алу заңсыз. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі еліміздің бүкіл аумағында сақталуы міндетті. «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі» аясында Еуроодақ елдерінің азаматтары кез келген жерде жұмыс істей алады. Бірақ олар да еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан елдің еңбек заңнамасын сақтауға міндетті. Яғни Қазақстанда жұмыс істейтін болса, ҚР Еңбек кодексін сақтауы тиіс», – деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі.

Оқу үшін